АҚШ Minuteman III континент аралық баллистикалық зымыранын сәтті сынақтан өткізді деп хабарлайды АҚШ-тың әскери әуе күштерінің баспасөз қызметі.

Minuteman III континент аралық  баллистикалық зымыраны ұрышылған жерден 4,2 мың мил қашықтықтағы  Маршаллов аралында орналасқан Кваджалейн әскери палигонына сәтті түскен. Сынақты АҚШ-тың Вайоминг, Монтана, Небраска штаттарының әскери әуе күштері бірігіп өткізген.

Minuteman III континент аралық баллистикалық зымыранын АҚШ әскері 1970 жылы өз арсеналына қосқан бірақ, 1978 жылдан бастап өндірістен шығарылып тасталған. Minuteman III 12 мың шақырым  аумақты жарып жіберуге қауқарлы. АҚШ арсеналында қазір бұндай зымыранның 450 данасы бар.

Айта кететін бір жайт соңғы уақытта Корей түбегіндегі Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы текетірестің күн өткен сайын ушығуына байланысты. Екі елде өзінің әскери қаруларын сынақтан өткізіп, әскери оқу-жаттығу жұмыстарын жиілетіп жатыр.

"The Qazaq Times"