Ауғанстан қорғаныс министрі Абдуллах Хабиби мен штаб-пәтер төрағасы Кадем шах Шахим отставкаға кетті.
Сәуірдің 21-і күні Ауғанстанның Мазары-Шариф қаласындағы ауған әскери базасына Талибан содырлары шабуыл жасап, салдарынан 140 адам көз жұмған еді. Осыдан кейін бүгін Ауғанстанның қорғаныс министрі Абдуллах Хабиби мен штаб-пәтер төрағасы Кадем шах Шахим отставкаға кеткендерін мәлімдеген.
Бұнымен қатар бүгін Ауғанстанға ешқандай ескертусіз Пентагон басшысы Джеймс Мэттис келді. Жергілікті журналисттердің мәліметінше Мэттис Ауғанстан қауіпсіздігі жайында ел президенті Ашраф Ганимен келіссөз жүргізбек. Пентагон болашақта Ауған әскери күштеріне 200 әскери тік ұшақ беріп, ауған арнайы жасағының санын көбейтуге көмек көрсетуді жоспарлап отырған көрінеді.
Бұдан сәл ертерек Ауғанстан билігі әскерилерді дайындауда Ресейден көмек сұраған болатын. Соған қарағанда АҚШ Ауғанстанда Ресейдің алдын орап кетуді жоспарлап отырған тәрізді.
The Qazaq Times


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы