Өткен жылдың маусым айында Жетсу облысы, Баласаз ауылында күйеунің қолынан қаза болған Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот үкімі 09 қаңтар күні Талдықорған қаласындағы мамандандырылған сот залында оқылды. Бұл Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылық істерінің қалай қаралатынын тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды. Сот Айбар Жанболатты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды. Алайда бұл үкімнің өзі даулы мәселелерді толық жапты деу қиын.
Біріншіден, істің бастапқыда 106-баппен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») қозғалып, кейін ғана 99-бапқа қайта саралануы тергеу кезеңіндегі олқылықтарды айқын көрсетті. Жәбірленуші тараптың айтуынша, эксгумациясыз бұл өзгеріс мүлде болмауы мүмкін еді. Бұл — өліммен аяқталған зорлық-зомбылық істерінде бастапқы құқықтық баға берудің қаншалықты маңызды екенін көрсететін мысал.
Екіншіден, жәбірленуші тарап істі 99-баптың 2-бөлігімен саралау жөніндегі талабы сотта қанағаттандырылмады. Ал бұл бапқа сараланған жағдайда жаза неғұрлым қатаң қарастырылар еді. Прокурор 15 жыл сұрағанымен, сот 14 жылмен шектелді. Формалды түрде бұл – заң шеңберіндегі шешім. Алайда марқұмның туыстары мен қоғам үшін бұл жаза әділеттілік сезімін толық өтей алмады.
Үшіншіден, үкімнен кейінгі апелляция мәселесі бұл істің әлі де жалғасатынын аңғартады. Жәбірленуші тараптың адвокаттары ауруханаға жеткізу сәтіндегі жағдайға күмән келтіріп отыр. Егер бұл уәж апелляциялық инстанцияда дәлелденсе, істің құқықтық бағасы қайта өзгеруі мүмкін.
Бұл сот процесі бір адамның тағдырынан әлдеқайда кең мәселені көрсетіп берді. Ол – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты істердің дер кезінде әрі қатаң сараланбауы, тергеудің бастапқы кезеңіндегі немқұрайлылық және жәбірленуші тараптың ұзақ күресуге мәжбүр болуы.
Айзат Жұманованың ісі қоғамға бір сұрақты ашық қалдырды: Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық өліммен аяқталған кезде, әділет тек сот залында емес, тергеудің алғашқы күнінен бастап толық қамтамасыз етіле ме? Әлде істің ілгері жылжуына әрдайым қоғамдық резанс туып отыруы шарт па? Әс әуелде 106 баппен қозғалған, артынша жұрт шу көтерген соң барып 99 бапқа ауысқан-тұғын.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды