Жамбыл облысы. Шу ауданы Шоқпар ауылдық окургі. Қазақ таймс тілшілері ауыл тұрғындарының өтініші бойынша аранайы келіп ауыл әкімі Рашит Шоңбаевпен жолығып ауыл іргесінен ашылып жатқан Аққұдық карері туралы сұрады. Аул әкімі осыдан бес-алты жыл бұрын әуелі ресейлік инвестірлер келіп ашпақ болған кен орны енді қайта қолға алынып жатқанын жоқа шығармады. Алайда қазіргі иелері туралы анық ақпарат айтқан жоқ.
2017 жылдан осы ауылға әкім болып келе жатқан мамандығы бойынша агрохимик топырақ танушы әкім мырза кен орнының жұртқа келтірер зяны туралы сұраққа:
- Маман емеспін. Оны арнайы мамандар зиянсыз деп отыр. Менің білуімше уран бос кезінде ешқандай зяны болмайды, – деді
Ресми мәлімет бойынша темір рудасын қазады дегенге ауыл тұрғындары сенбейді. Арғы жағында жақын жерде Шатырқұлда өндіріп жатқан уран осында да болуы мүмкін. Ол елге, жерге зиян деп алаңдайды.
21 жыл взырв боп жұмыс жасаған Меңғали Жұмағалиұлы кен ашпақ болғандардың әлде нені жасырғандарын айтты.
- Осымен 3-4 рет жиналыс болды. Қарағандылық Мұрат деген жігіт келген. Ол осында карер ашамыз деп тупик сұрады. Бізге керегі жоқ бермейміз дедік. Олардың айтқан сөздері "Біз темір рудасын шығарамыз. Ол темірді мөшекке саламыз. Сіздерге ешқандай зиян келмейтін қоршау қоямыз", – дейді. Мен оларға "Мөшекке салсаң, қоршау қойсаң онда зиянды бірдеме. Сен толық айтпай, жасырып тұрсың, Шоқпардың желіне сенің анау қоршауың ұшырып кетеді", – дедім.
Аққұдық кен орнын ашу туралы ауыл арасында бұғанға дейінгі талқылауларда пікір екіге жарылған. Экология бөлінеді деп алаңдаған аул жастары әлде бір мұддемен карердің ашылудын қолдандарды әкім жақтады деп санайды.
Өзінің эксперт емес екенін айтып бір бірімізді күстанәмалайық деген Рашит мырза аудандағы мамандармен сөйлескенін. Олардың ешқандай зияны жоқ деп айтқанын айтып БАҚ өкілдернің көзініше олармен сөйлесті.
Әкімнің сенім білдірген маманы трупканың аржағында әуелде сұқбат беруге болмайды деді. Сосын барып оның зияны шекті негізде рұқсат етілген деген жауап айтты.
Әкім бұл карердің орнымен оған апарар жолдың өз окургіне қарасты болмағандығы себепті араласа алмайтынын айтқан. Алайда ауылдық әкім апаратының бас маманы Шимаханова Ғалия ханым әкім сөзін терістеп жаңадан ашылған жол өз окурктерінен өтіп жатқан айтты.
Ауыл азаматтары мен әкімдік өкілі бастап ашылып жатқан карерге барғандарға ондағы жауапты Александр атты азамат қойған сұрақтарына жауап бермей дөрекілік көрсетіп қажетті құжаттарын сұраған әкімдік өкіліне де ресми сұрау хат жібер сонда ғана жауап береміз деді.
Карерден төнген қауіпке алаңдаған жұрт, игілігін басқа жұрт көретін кеннің зиянын біз тартпайық деген талаптарын айтқанымен қандайда бір себептермен кен орнын ашуға мүдделі болып отырған құзертті орындардың арасындағы дау қазірге тоқтайтын түрі жоқ.