29 қыркүйек күні Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Ерлан Болатов  Наурызбай аудандық сотында өткен жылғы қанды қаңтар кезінде «ғимараттарға шабуыл жасап, билік өкілдеріне күш көрсетті, жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталып жатқан 11 азаматтың ісі бойынша бас сот отырысын бастады.

Бүгінгі сот отырысына қаңтар соттарын бастан аяқ жазып келе жатқан тәуелсіз БАҚ пен бірге КТК  телеарнасыныңда журналистері келген. Алайда айыпталушы тарап мемлекеттік БАҚ-тың өздеріне теріс пиғыл танытатынын айтып KTK журналистеріне бейне жазба жазуға қарсылық білдірді.

Қорғау тарабы судиьядан 11 айыпталушының бірі Қосай Мақамбаевтың үй қамақтағы бұлтартпау шарасын жеңіл түріне ауыстыруын сұрады. Айыптаушы прокурор Рахат Естебек жазаның заң жүзінде екендігін айтып аталған өтінішті қанағаттандырусыз қалтыруды сұрады.

Бұл өтінішті сот аяқталғанш ашық қалтырған судья шешімін сот соңында шығаратын болып айыптаушы прокурорға айыптау актісін оқуға кезек берді.

Прокрор Рахат Естебек  200 бет шамасындағы айыптау актіснің ішінен тек қажетті деп тапқан бөліктерін теріп оқыды.

Айыпталушылар Ақжол Жандарбеков, Арман Алимбеков, Әбидолла Таубай, Дәуре Бакиев, Нұрсұлтан Байгисиев, Серік Кекілбаев, Тұрсынбай Алпысбаевтар кінәларын жартылай мойндады.

Қосай Мақамбаевы, Нұртас  Каранеев, Ырысбек Мамыров, Серікбол Орынғазы төртеуі тағылған айыпті түбегейлі мойндамайтындарын айтты.

Кеңесу бөлмесіне барып қайтқан судья Болатов Махамбаевтың жіне оның қорғаушыларының өтініштерін қанағаттандырмады.

Келесі соттар әр аптаның сейсенбі, жұма күндері өтетін болды.

 

Сот соңында тергеу тарабы өздеріне еш негізсіз айып тақты деп санаған қаңтаршылар өз ойларын жеткізді.