9 айдың ішінде Алматы мен Жетісу облыстарында құрылысы аяқталған жолдардан 481 ақау анықталған. Оның 380-нен астамы республикалық маңызы бар күре жолдар. Бұл туралы «Жол активтері ұлттық сапа» орталығының Алматы облыстық филиал өкілдері айтты. Мәселен, Алматы-Екатеринбург бағытындағы тас жолда құрылыстың жүріп жатқанына 3 жылдан астам уақыт өткен. Асфальттың қалыңдығы 12 сантиметр, ал енінің ұзындығы 9 метр 75 сантиметрден кем болмауы тиіс. Мамандар бұған дейін дәл осы учаскеде үш бірдей ақаудың анықталғанын айтып отыр. Жол активтері ұлттық сапа орталығы Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Руслан Қашқынбайдың айтуынша, әсіресе техникалық қауіпсіздікті сақтау да олқылықтар кетеді.
«Ол айналма жол, шұңқырлар болған, екіншіден, техникалық қауіпсіздік сақталмаған, каскаларын кимеген жұмысшылар. Үшіншіден, жол-құрылыс материалы дұрыс болмаған. Бетондар, арматуралар жабылмаған, ашық ауада болғаннан, астында төсеніштері болмағаннан кейін дұрыс сақталмаған» - деді Жол активтері ұлттық сапа орталығы алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Руслан Қашқынбай.
Жолдың сапасын нақты анықтау үшін ұлттық сапа орталығы асфальтты ойып, сынама алады, Алайда керннің қай учаскенікі екені құпия сақталып, QR-код арқылы зертханаға тапсырылады. Тоғыз ай ішінде Алматы қаласы мен облысы және Жетісу облысынан 2 мың 500 сынама өткізілген. Республикалық маңызы бар трассадан алынған сынаманың 25, қала мен ауыл ішілікі жолдардан алынғандарының 40 пайызы талапқа сай болмай шыққан.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды