КХДР АҚШ-тың арандатуына қарсы Солтүстік пен Оңтүстік Кореяны біріктіруге бағытталған соғыс ашуға дайын деп хабарлайды жергілікті Надон Синмун газеті.

Сондай-ақ Надон Синмун газетінде «АҚШ өзінің әскери күшімен Корей халқын қорқытуды ойлады бірақ, оларынан түк шықпаған соң бұл жерге енді Жапония мен Оңтүстік Кореяны араластырып жатыр. АҚШ осы арқылы Корей түбегіндегі тұрақтылығын бұзуды көздеп отыр. Егер Уашингтон Солтүстік Кореяға арандатуын тоқтатпаса, біз Оңтүстік пен Солтүстік Кореяны біріктіруге бар күшімізді саламыз.» - делінген.

АҚШ пен Солтүстік Корея қарым-қатынасының ушығуы Дональд Трамптың «Карл Винсон» ұшақ тасмалдығыш кемесімен, АҚШ әскери теңіз күштерін Корей түбегіне жібердік деген мәлімдемесінен кейін басталған болатын.

"The Qazaq Times"