2023 жылдың басынан бері 3 мыңнан астам қазақ қандас мәртебесін алған. Бұл ақпаратты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, -деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Ведомствоның ақпаратына қарағанда, 2023 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейінгі аралықта 3134 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алған.
Қандастардың жартысынан астамы Өзбекстаннан келген. 16,3 пайызы Қытайдан, 15,9 пайызы Ресейден, 8,4 пайызы Түркіменстаннан, 4,5 пайызы Монғолиядан, 4,9 пайызы өзге де елдерден келген.
Қандастар, негізінен, Алматы облысына (27 пайыз), Маңғыстау (16,6 пайыз), Түркістан (7,1 пайыз), Жамбыл (3,6 пайыз) облыстарына және Астана (10,5 пайыз), Алматы (7,6 пайыз), Шымкент (6,5 пайыз) қалаларына қоныстанған.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, қандастардың 69,1 пайызы – еңбекке жарамды адамдар, 22,7 пайызы – еңбек жасына жетпегендер, 8,2 пайызы – зейнеткерлер.
Бұған дейін еңбек министрлігі 2022 жылы 18 мың қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алғанын хабарлаған.
Ресми статистикаға қарағанда, 1991 жылдан бері Қазақстанға 1 миллион 110,1 мың қазақ оралған.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы