Қарақалпақстанда 2022 жылғы 1-2 шілдедегі қантөгіс бойынша қозғалған екінші қылмыстық іс қаралып жатқан сотта прокурор 39 сотталушыға 12 жылға дейін түрме жазасын сұрады. Бұл туралы Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады, -деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Сотталушылардың көбіне "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айып тағылған. Жеті сотталушы "қоғам тәртібіне қауіп төндіретін материалдар таратты" деп айыпталған. Тағы жеті сотталушыға "екі немесе одан көп адамды қасақана ауыр жаралады" деген айып тағылған.
Төрт сотталушының үстінен "қаруды заңсыз иемдену" бабы негізінде іс қозғалған.
Нөкіс оқиғасына қатысты алғашқы сот процесі Бұхара қаласында биыл 31 қаңтарда аяқталды. Сот белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратовты басты айыпкер деп танып, оны 16 жылға соттады. Тағы 17 адам 3 жылдан 8,5 жылға дейін түрме жазасын алды. Төрт адам сот залында босатылды.
Ресми мәлімет бойынша, Нөкістегі оқиға кезінде 21 адам қаза болып, 243 адам жараланған. Баскөтеру күшпен басылды, бірақ өзбек билігі әскерилер наразылыққа шыққан азаматтарды атты дегенді жоққа шығарып отыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді