Бішкекте 2 наурызда Горький атындағы саябақта "Дордой-Диқан", "Дордой-моторс", "Азия" және Ош базарларында сауда жасайтын кәсіпкерлер наразылық акциясына шықты. Олар жаңа салық ережелеріне қарсы. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Азаттықтың Қырғыз қызметі тілшісінің хабарлауынша, акцияға жиналғандар салық көлемін олардың табысына сай есептеуді, сонымен бірге касса аппараттарын алып тастауды, сауда қызметіне бірыңғай салық енгізуді талап етті. Кәсіпкерлер салық төлеуден қашпайтынын ескертті.
Саудагерлер Жогорку Кеңеш депутаттары мен президент Садыр Жапаровпен кездескісі келеді. Акцияға салық қызметі төрағасының орынбасары Ислам Қыдыргычев келген, бірақ оған кәсіпкерлер алдында сөз сөйлеуге рұқсат бермеді.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тауар сататын кәсіпкерлер ақпарат жүйесіне тіркеліп, электронды тауар есебін тапсыруы тиіс.
Қаңтар басында "Дордой-Диқан" базарының бірнеше жүз саудагері жаңа салық ережелерін алып тастауды талап етіп, митинг ұйымдастырған. Салық қызметіндегілер кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүріп жатқанын, қаңтарда шамамен 14 мың кәсіпкер ақпарат жүйесіне тіркелгенін айтқан.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді