Тіркелмеген оппозициялық Демократиялық партия мүшелері мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысатындарын мәлімдеді.
– Демократиялық партияны құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің белсенділерімен ақылдаса келе, белгілі сарапшылармен, саясаттанушылармен кеңесе отырып, біз алдағы парламент сайлауына қатысамыз деген шешім қабылдадық! Парламент атқарушы биліктің айтқанын орындап, дегенін жасап отыратын нотариус болмауы тиіс, – деп жазды бастамашыл топ мүшесі Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасына.
Иманбай сайлауға Демпартия атынан қатысатын адамдардың аты-жөнін айтпады. Ол үміткерлер Алматы қаласынан ғана емес, өзге де аймақтардан сайлауға түсетінін мәлімдеді.
– Мәжіліс сайлауына тек қана Алматы қаласы бойынша емес, Қазақстанның басқа да өңірлерінен азаматтар қатысады деген байламға келдік. Парламент атқарушы биліктің айтқанын орындап, дегенін жасап отыратын нотариус болмауы тиіс, – деді ол.
Демократиялық партия жетекшісі Жанболат Мамай қазір үйқамақта отыр. Оған «билік өкіліне тіл тигізу» және «жалған ақпарат тарату» баптары бойынша айып тағылған. Жақында оған Қаңтар оқиғасы кезінде «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айып қайтадан тағылған.
Қазақстанда кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауы 19 наурызда өтеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы сайланған мәжіліс пен мәслихатты 19 қаңтарда таратқан.
Биылғы парламент сайлауы ескі де жаңа жүйе бойынша өтеді. Атап айтқанда, үміткерлер 30 пайыз мажоритарлық, 70 пайыз партиялық тізім бойынша сайлауға түседі. Бұндай Қазақстанда жүйе 2004 жылға дейін болған. Кейіннен 2007 жылы Конституция өзгеріп, парламент сайлауы тек партиялық тізіммен өтетін болған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді