Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға екі күндік сапар аясында бірқатар шараларға қатысады, -деп хабарлады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
21-22 желтоқсанда Қазақстан президентінің Өзбекстанға екі күндік сапары басталады.
Алғашқы күні "Янги Узбекистон" саябағындағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, тал егеді. Келесі күні Тоқаев Ташкенттегі Төле бидің кесенесіне тағзым етпекші.
Ресми шаралар "Ташкент сити" Конгресс орталығында жалғасады. Кездесу аясында екі жақты және көп жақты кездесулер жоспарланып, маңызды құжаттарға қол қою қарастырылған.
Бұдан бөлек қазақ ақыны Абай Құнанбайұлына арналған көрме өтеді.
Қазақстан - Өзбекстанның Қытай және Ресейден кейінгі маңызды сауда серіктесі. Ресми мәлімет бойынша, екі ел арасындағы тауар айналымы 7 млрд доллар шамасында.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы