Қырғызстанның қауіпсіздік қызметінінің мамандары Ош облысында "террористерден ТМД-да террористік акт ұйымдастыруға бұйрық алған" содырды құрықтады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз бөлімі хабарлады.
2017 жылдың 20 сәуірінде контртеррористік операция кезінде Ош облысының 1994 жылғы "С.Т." есімді тұрғыны ұсталған.
Тергеу нәтижелеріне сәйкес террорист 2013 жылы Сүрияға аттанып, көптеген террористік шабуылдар мен жазалау шараларына қатысқан болатын.
ҰҚҚ өкілдерінің айтуынша, содыр арнайы дайындықтан өтіп, Жеңіс күніне орай террористік актіні ұйымдастыру барысында ұсталған.
"The Qazaq Times"


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы