"Мемориал" адам құқықтарын қорғау орталығының Орталық Азия бойынша бағдарламасының директоры Виталий Пономаревты Қырғызстаннан депортациялады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне "Бір Дүйно Қырғызстан" қозғалысы хабарлады, -деп жазды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Ұйым мәліметінше, Пономарев адам құқықтары жөніндегі кинофестивальға қонақ ретінде шақырылған, алайда оның Қырғызстанда жүріп-тұруына шектеу қойылуына байланысты құқық қорғаушы бұл шараға қатыса алмады.
Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті Шекара қызметіндегілер Азаттыққа Пономаревты депортациялағанын растады.
"Шекара қызметі басқа да мемлекеттік құрылымдарын бұйрықтарын орындайды. Оған Қырғызстанға кіруге тыйым салынған. Пономарев мырза не үшін тыйым салынғанын біледі. Біз атқарушы органбыз", - деп хабарлады ҰҚМК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
14 қарашада "Манас" әуежайында Виталий Пономарев кеден бақылауын өту кезінде ұсталды. Шекарашылардың хабарлауынша, Понамаревқа Қырғызстанға кіруге 2017 жылы тыйым салынған, ал 2020 жылы тыйым мерзімі ұзартылған. Мәліметті басқа да дереккөздер көмегімен растау мүмкін болмай отыр.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы