Тибеттің орталығы Лхасада ковид-19 кесірінен қамалып отырған тұрғындар өткен сәрсенбіде түстен басталып түн айғанша үлкен шеруге шықаны туралы бейнежазбадар жарияланып жатыр.
Бейресми дерекке қарағанда үш айдан бері карантинге жабылған қаладағы наразылыққа шыққандардың дені осында келген ұлты қытай еңбек мигранттар екені айтылады.
Бейне жазбаларда жүздеген адамның көшеге жиналғаны, құзырлы орган адамдарының бір шетінен бөгет жасап тұрғанын әрі дауыс зорайтқышпен наразыларға қарата «түсіністікпен қарап, кері қайтуды» сұрап тұрғанын ал, басқа бейнежазбаларда түн мезгілінде көшеде қаптаған қалың адамның айқайлап сөйлеп жүргені мен «Біз үйге қайтқымыз келеді» деген плакат ұстап жүргендері байқалады.
Әлемдік БАҚ-тарда осы бейнелердің кейбірі Лхасада түсірілгенін растады. Ал бұл бейнежазбалар қытайлық әлеуметтік желілерден жойылғанымен Twitter-де жарияланып жатыр.
Сарапшылардың болжауынша бұл наразылықтың соңы шерулеткен азаматтарды полиция қызметкерлерінің зорлықпен жаншуына апаруы мүмкін.
Еске сала кетсек бұған дейін карантинге қамалған Шинжаңдық тұрғындардың да мүшкіл халі жарияланған-тұғын.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы