ND youtube арнасының иесі Думан Мұхаммедкәрімді Іле аудандық соты 15 тәулікке қамады. Журналстті 488 баптың 7 бөлігімен яғыни "Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыстарды, митингілерді, демонстрацияларды, шерулерді, пикеттерді не өзге де жария іс-шараны ұйымдастыру және (немесе) өткізу" бойынша айыптаған.

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Ащыбұлақ ауылындағы журналистің үйіне12 қазан күні сағат 11 шамасында полиция бөлімшесінен бір топ адам, бірнеше көлікпен келген.  Олар Думанның өздерімен бірге жүруін талап еткен. Соттың арнайы қағазы болмаса бармайтынын айтып қарсылық наразылық танытқан журналиске ақырында шақыру қағазын әкеліп  15:00 де Іле аудандық полиция бөлімшесінде болуы керектігін ескерткен.

;t=5s

Ескертілген уақаттан өте полиция басқармасына адвокатымен бірге жеткен Думан Мұхаммедкәрімнен осы жағдай туралы сұрап едік, ол полицейлердің өзін не үшін шақыртқаны туралы айтпағанын, олар айтпаса да, өзіне түсінікті екенін айтты. Ол өткен аптада өз каналы арқылы жұртты бейбіт митингіге шақырған болатын, бұл жағдай соған байланысты деп санайды.Соңғы кездердегі жағдайға байланысты тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрім өз пікірін ашық айтып, азаматтық белсенділік танытып жүрген. Ол өзінің арнасында жұртты 25 қазанда түскі 12 ге бейбіт митингіге шақырып, сайлаудың заңсыздығын, президенттік сайлауға лайықты қарсыластарға жол берілу керектігін айтқан. Ол: “егер Тоқаев билігі еститін мемлекет болса белсенділер мен тәуелсіз журналистер тыныш отырар еді, олар халықпен санаспайды, бізге басқа таңдау қалдырған жоқ, біз не істейміз? Шырылдап көшеге шыққаннан басқа амал жоқ, бейбіт шеруге 5 жұмыс күні қалғанда ескертпекші болғанбыз. Бұл менің ғана шешімім емес, қоғам белсенділері болып ақылдасып, осындай шешім қабылдағанбыз, сайлауға дені дұрыс кандидаттар ұсынсын, бұл жүйе құлайды, барлық саяси тұтқындар босап шығады, тарих біздікі, мені қамаса басқалар шығады, мен бәріне дайынмыні” деді.
Түнгі 21:00 де жеделдетіп ватсап желісі арқылы онлайн өткізілген сотта белігілі болғандай, Думан Мүхаммедкәрім 15 тәулікке қамалып, Қонаев қаласында мерзімін өтеуге жөнелтілетін болды.

;t=17s