Бүгін желіде пайда болған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Асқар Маминнің, Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин және Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы президенті Әділбек Жақсыбековпен бірге түскен суреті көпшіліктің назарын аудартты, деп жазды Араша порталы.

Бұл сурет елордадағы Lugano италия мейрамханасында жақында түсірілген, оны Маминнің өз де растады. Бұл мейрамхана Маминге тиесілі. Көпшілікті бұлар нені талқылауы мүмкін деген мәселе алаңдатқан еді. Көп ұзамай Маминнің өзі оған қатысты мәлімдеме жасап, бұл «сырға салу» тойын талқылау мақсатында өткізілген жиын еді деген жауап қатты. Бірақ бұл өте сәтсіз шыққан жауап болды десек болады.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлау туралы айтылқалы мұндай жиынның ұйымдастырылуы тектен-тек емес. Оның үстіне соңғы кездері елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру үшін мектептерге, әуежай, мемлекеттік және жеке мекемелерге жарылғыш зат қойылғаны туралы ананимді қоңыраулар көптеп түсе бастаған»,- деп жазды nursolovej телеграм каналы.

Тіптен, журналист Михаил Козачков Қостанайдағы дала өрті де қасақана ұйымдастырылуы мүмкін деген болжам жасап отыр, оны сол жердің тұрғындары да қостайды.

Алматы облысында орын алған тағы бір ірі өрт жағдайы диверсия туралы ақпаратты растай түсетіндей, яғни «ескі Қазақстанның» кейбір ықпалды өкілдерінің ісі болуы мүмкін, егер расымен солай болса, оларға тиісті жауап беріледі деген сөз.

«Осындай радикалды әрекеттерге Мамин, Нығматуллин және Жақсыбековтың қатысы бар ма, дегенмен олардың кездесуі кезектен тыс президент сайлауына қатысты болғаны сөзсіз. Оның үстіне президент сайлауы кампаниясына ықпал еткісі келетіні немесе сайлауға түскілері келетіні де айқын. Сайлауға Нығматулин түсуі әбден мүмкін, ол ұлы жүзден болмағанымен, шапыраштының қызын алып отыр. Алайда, Нығматулиннің этникалық татар екенін ескерсек, Назарбаевтар отбасының басқа өкілдері оның төңірегіне бірігуі өте күмәнді, сонымен қатар бандитизм, рэкет және ұлдарының жөнсіз мінез-құлқына байланысты ол үшін сайлау науқанының өзі сыбайлас жемқорлыққа қатысты жанжалға айналуы мүмкін», – деп жазды телеграм каналы.