Ақ үйдің АҚШ ұлттық қауіпсіздігі жөніндегі кеңесшісі Жон Кирбидың хабарлауынша Ресей апта соңына дейін Украинаның оккупацияланған аймақтарында референдум өтетінін жариялауы мүмкін. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Кеңесшісі Жонның дерегінше, Мәскеу сайлау нәтижесін бұрмалап, басып алған аймақтардың тұрғындары Ресей құрамына кіруді қалайды деп жариялайды. Референдумдар заңсыз өтеді, дауыс бергісі келетіндер өте аз болады, деп есептейді Кирби.
Ақпанның аяғынан бері Ресей Украинаның Луганск облысын толықтай дерлік, Донецк, Херсон және Запорожье облыстарының басым бөлігін басып алды.
Осы аймақтардағы басқыншы билік Ресей құрамына кіру жөніндегі референдумға дайындалып жатқанын бірнеше мәрте мәлімдеген. Олар қыркүйекте өтеді деп жоспарланған. Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің мұндай әрекетінен соң келіссөз туралы сөз қозғау мүмкін болмайтынын мәлімдеді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы