Біз қаласақ та, қаламасақ та компьютерлік ойындар балалар арасында үлкен танымалдыққа ие. Бұл ойындардың балалар денсаулығына тигізетін зиянды әсерлері мен психологиялық зардаптарын білсек те шарасыз күйдеміз. Қайтпек керек?
Ойын жасайтын арнайы мамандар үшін, ойын-табыс көзі. Күн сайын жаңа ойындар шығып жатады, Бәсекелестікке әртүрлі себеп бар, ең алдымен қанық бояулар еңбектеген баладан бастап көзді арбайды, баланың ермегі. Бірақ ересектер арасында да қызығушылар көп. Кибер спорт түрі дамып келеді. Біздің ел кибер спортты спорт ретінде мойындаған 24 елдің бірі. Әртүрлі командалар құрып дамыту бағытында жұмыс істеуде. Солардың ішінде AVANGAR командасын атап өтуге болады. Ойыншыларды 17 жастан бастап қабылдайды. Сондай-ақ ойыншылар арасында біздің командалар танымал. Counter-Strike ойыны командамен жиі ойналады. Әрі бұндай ойындардың жүлде қоры да аз емес. Dota 2 ойынынан өтетін бір ғана The International турнирінің жүлде қоры 25 миллион долларды құраған. 2018ж маусым айынанбастап елімізде Qazaq Cybersport Federation құрыла бастаған, алдағы күндерде олимпиядалық спорт түріне енсе де таңқалмаймыз.
Сол себепті , балалар ойнайтын ойындарды олардың жас ерекшеліктеріне қарай отырып, психологтар мен дәрігерлердің пікіріен ескеріп, балалармен бірге таңдаған жөн. Ақыл-ойды дамытуға арналған ойындар да жетерлік. Жас балалардың атыс-шабыс, қантөгіс ойындарының құрбанына айналып кктпеуі үшін, ата-аналар қырағы болған жөн. Олардың мінезіндегі ауытқушылық, қатігездік, агрессия қоғамда жиі талқыланады.
Алайда, майнкрафт ойынын оқытудың әдісі ретінде пайдаланғанын естігенде, ойындардың оңтайлы жағын пайдалану арқылы балаларға білім беруде көмекші құрал ретінде пайдалансақ жаман болмас деген ойға келгеніміз рас. Ең алғаш 2016ж Қарағандыдағы Нұрмақов атындағы мектепте биология, тарих, химия, математика, информатика және география пәндерінде қолдана бастаған.Мысалы биология сабағы омыртқалы және омыртқасыз жануарлар жөнінде тақырыпта өтсе оқушылар осыларға жататын аңдарды ойын барысында тапқан. Ал, мектепке жаңа баратын балалар үшін санамақ, алфавит жаттауда ойындарды пайдаланған артық емес. Сәбилердің түстер мен дыбыстарды парықтауы үшін де оңтайландырылған ойын түрлері бар. Үнемі балаңызбен бірге болмасаңыз да қандай ойындар ойнап жүргеніне қарап қойыңыз. Компьютерлік ағыннан құтыла алмасымыз анық. Сол үшін пайдалы жағын іздейік және пайдаланайық.
Нұрбәтима Байтұрсын