Ресей Теңіз-әскери күштерінің Жапонияның солтүстігіндегі әрекеттері алаңдатуда. Бір күн бұрын жапонның өзін-өзі қорғау күштері мәлімдеме таратып Ресейдің 6 әскери кемесі Жапон теңізіне кіргенін хабарлаған.
Жапон Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде, құрамында эсминец, сүңгуір кеме және зымыран ұстаушы кемелері бар 6 орыс кемесі Сахалин мен Хоккайдо арасындағы Соя бұғазы арқылы Жапон теңізіне кірген. Соя аймағына 130 шақырым аумаққа дейін жақындаған.
Бір апта бұрын Жапонияның Өзін-өзі қорғау теңіз-әскери күштері Ресейдің 10 әскери кемесі Цугару бұғазы арқылы өткенін хабарлаған болатын.
Ақпан айынан бері Ресейдің Қиыр-шығыс маңындағы флоттарының қозғалысы Жапонияны алаңдатып келеді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес