Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф пен Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесіп екі жақты байланыстар мен екі тарапты ортақ мәселелер жөнінде сұхбаттасты деп хабарлайды "Фарс" баспасөзі.
Атамбаев пен Зариф саяси деңгейде ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруды, банк саласындағы ынтымақтастықтарды белсенді етіп, инфрақұрылымдар, инвестиция және сауда- саттық үшін анық шаралар бағдарламасын жасауды қуаттады. Зариф сондай-ақ өзінің қырғыз әріптесі Ерлан Абдоллаевпен бірлескен ақпарат отырысынд екі елдің экономикалық және саяси байланыстарының жалғасатынын баса айтты.
АҚШ пен Еуропа елдеріне азу тісін ақситып отырған Иран бүгінде көршілес мұсылман елдерімен әсіресе Орта Азиядағы Түркімен, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстанмен ынтымақтастықты күшейте түскен. Каспий жағалауы елдеріменде ортақ мәмлеге келуге ынталы болып отыр. Ресейдің бірден-бір сенімді одақтасы болып отырған бұл ел, Ресей ықпалы өтімді елдермен тіптен жақындай түспек ойын ашық аңғартып отыр.
The Qazaq Times


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау