14/12/2021 – ҚАНДАСТАРҒА АРАША баспасөз жиынының баспасөз баяны
14 желтоқсан күні, сағат 13:00, «Қандастарға араша» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді .
Қытай компартиясының Шыңжаңдағы аз санды ұлттарға бағытталған саяси қысымы мен қудалауы қайта күшейгені мәлім. Соңғы уақыттарда Қытайдағы қазақтың әдебиеті пен мәдениетіндегі бір шоғыр өкілдері осы мақсатты саяси жаныштаудың нысанасына алынды.
Қазірге дейін Қытайдағы қазақ қаламгерлері арасынан Ғарапа Нәсиоллаұлы, Нағыз Мұхамметұлы, Қабыкен Зейнұраин, Қалысбек Бабанұлы, Әденбек Қамашұлы, Сарқытжан Салықұлы, Нұрбақ Биғазин қатарлы бір топ азаматтардың қамауға алынғаны, түрлі негізссіз айыптармен сотталғаны немесе із-дерексіз кеткені белгілі болып отыр. Шыңжаңдағы саяси қысымға ұшыраған бұдан өзге де көптеген қазақ азаматтарының бар екені анық.
Осыған байланысты Қытайда қамауға алынған қаламгерлердің және өзгеде азаматтардың Қазақстандағы туыстары мен жақындары қазақ қоғамынан және ҚР құзырлы органдарынан араша сұрап, баспасөз конференциясын өткізбек. Ресми және қоғамдық ұйымдардың, әсіресе адам құқығын қорғау ұйымдары мен түрлкі БАҚ өкілдерінің мәселеге назар аударуын өтінеді.
Спикерлер:
Қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайұлы
Қытайда қамауға алынған азаматтардың туыстары мен жақындары
Қосымша ақпарат:
Өтетін орны: Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының баспасөз орталығы. Мекен жайы: Алматы қ. 8-ықшам ауданы, 4 а үй, 425 кеңсе.
Уақыты: 14,12, 2021 сейсенбі, сағ.13:00
Байланыс: +7 707 7900097