Қытайдың 11 провинциясында коронавирустың «Дельта» штамы таралып, елдің денсаулық сақтау саласын алаңдатуда. Ұлттық Денсаулық сақтау комиссиясы алдағы уақытта вирустың таралу аумағы кеңеюі мүмкін екенін мәлімдеуде.
Қытай бұған дейін коронавирусқа қарсы күресте «нөлдік жағдай» стратегиясын қолданып вирустың таралуын өнімді тежеген ел ретінде белгілі болып келді. Алайда, 17 қазаннан бері «Дельта» штамы анықталған 133 жағдай тіркеліп, елдің денсаулық сақтау саласын алаңдатуда.
Ресми мәліметте «Дельта» штамы туристік орындар арқылы тарағанын айтады. Осыған байланысты Ішкі Моңғол, Ниншия Хуэй автономиялы аймағы және Гансу провинцияларында туристік қызметтер толығымен тоқтатылды.
Індетке қарсы күрес ісінде немқұрайлылық танытқан деген айыппен 6 әкімшілік бөлімшенің лауазымды тұлғалары қызметтен қуылды.
Дегенмен Ұлттық Денсаулық сақтау комиссиясы Ауруларды бақылау кеңесінің төрағасы У Ляну індеттің жаңа жағдайын бір ай ішінде бақылауға алуға болады деп мәлімдеген.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес