Оңтүстік Корея, Жапония және АҚШ барлау қызметінің лауазымдылары Солтүстік Корея мәселесін талқылау үшін Сеулде бас қосқан еді. Бұл бас қосуға жауап ретінде Солтүстік Корея Жапон аралдарына жақын теңіз айдынын көздеп баллистикалық зымыран атты. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның әскери қызметі мәлімдеді.
БҰҰ тәртібіне сай ядролық бағдарламаны жетілдіруге және баллистикалық зымыран сынағын өткізуге шектеу қойылған. Алайда, Солтүстік Корея өзіне бағытталған қатал экономикалық санкцияларға қарамастан зымыран қаруларын дамытуды жалғастырып келеді.
Соңғы уақыттарда Оңтүстік және Солтүстік Корея арасында қауіпті қару-жарақ бәсекесіне түрткі болатын әрекеттер көп рет болды. Тараптар бір-біріне жауап қылып зымыран сынақтарын өткізді. Кейбір сарапшылар бұл тенденция Корей түбегіндегі шиеленісті ушықтырып, қақтығысқа қарай бастайды деп алаңдайды.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес