Солтүстік Корея тағы бір жаңа зенитті зымыранын сынақтан өткізген, бұл туралы сол елдің «Орталық ақпарат агенттігі» хабарлады. Хабарда айтылуынша, зымыран сынағы 30 қыркүйек күні КХДР Қорғаныс ғылымдар академиясы жағынан өткізілген.
Солтүстік Кореяның аталған ресми ақпарат құралының мәліметіне сай, кезекті сынақ зымыран ұшыру аппаратын, радарды және зымыран жүйесінің командалық программасын, сондай-ақ барлық толық комплекстің соғыстық дайындығын тексеріп көру мақсатында өткізілен. Хабардағы айтылғандарға қарағанда Солтүстік Корея баллистикалық алыс және орта қашықтықтағы зымырандарды атушы аппараттардың бірқатар технологияларын жаңартқан.
Солтүстік Корея бір ай ішінде осымен үш рет зымыран сынағын өткізді. Аптаның бас шенінде Оңтүстік Корея сүңгуір кемеден атылатын баллитикалық зымыран сынағын сәтті өткізгенін мәлімдеген болатын. Пиоңяң болса Сеул мен Уашингтонның маңызды мәлімдемерлері тұсында осындай зымыран сынақтары арқылы өз жауабын білдіруге тырысып келеді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес