Астана шетіндегі Кіші Талдыкөлді көму уақытша тоқталды. Бұл жөнінде қала әкімінің құрылысы жөніндегі орынбасары Нұрлан Нұркенов экология мәселесі бойынша республикалық қоғамдық кеңес жиынында айтқан, деп жазды Азаттық радиосы.
Нұрлан Нүркеновтың көлге қатысты айтқанын Талдыкөлді сақтап қалу жөнінде бастама көтеріп жүрген белсенділердің бірі Жәмилә Садықова Facebook парақшасында жариялады.
Оның сөзінше, "Нұр Отан" партиясы экология мәселесі бойынша республикалық қоғамдық кеңес шақырған, оған экология белсенділерінен өзге астана әкімдігі мен экология министрлігі өкілдері қатысқан.
"Талдыкөл борсыған көл дейтін мифтің күлі көкке ұшты. Эколог Руслан Оразалиннің презентациясынан кейін алуан түрлі флорасы мен фаунасы бар, өзін өзі тазартатын экология жүйесі қалыптасқан, 13 мың жылдан бері келе жатқан тірі көл екеніне жұрттың бәрінің көзі жетті" деп жазады Жәмилә Садықова.
Қоғамдық кеңес "жағдай толық айқындалғанша көлді көмуді тоқтата тұру" туралы шешім қабылдаған және астана әкімдігіне көл төңірегіне салынатын құрылыс туралы құжаттарды жариялауды міндеттеген.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы