Қытай Ауғанстанға 31 миллион доллар көлеміндегі алғашқы қаржылық және гуманитарлық көмек беретінін мәлемдеді. Бұдан бұрын Қытай СІМ өкілі Бейжіңнің «Талибан» тарабынан құрылған жаңа үкіметпен байланыс орнатуға дайын екенін мәлімдеген болатын.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз өкілі уақытша үкіметтің құрылуын Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру үшін аса қажетті қадам деп бағалаған.
Ал, Ауғанстанға көмек беру туралы елдің сыртқы істер минисрі Уаң И Ауғанстан және оған көршілес мемлекеттердің (Пәкістан, Тәжікстан, Иран және Өзбекстан) сәрсенбі күнгі кездесуінде мәлімдеген.
Қытайдың Ауғанстанға беретін алғашқы 200 миллион юань көмек қаражаты азық-түлік пен коронавирусқа қарсы вакцинаны да қамтиды.
Құрама Штаттардың президенті Жо Байден бір күн бұрын тәліптер құрған уақытша үкіметті «тануға асықпайтынын» мәлімдеген еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Бесеудің соты: Қазақстандағы жаңа саяси репрессияның көрінісі