Пентагон АҚШ әскери күштерінің Кабулға қарата зымыран соққысын жасағанын растады. Ресми мәліметте зымыран соққысы ұшқышсыз ұшу құрылғысы арқылы жасалғанын және зымыран жанкештінің көлігіне бағытталғаны айтылған.
Пентагон мәліметіне қарағанда, Ауғанстандағы «Ислам мемлекеті» террорлық тобының жанкешті мүшесі жетекшілерінен Кабул әуежайында теракт жасауға тапсырма алған. АҚШ әскери күштері оны теракт жасауға бара жатқан жолда жойғанын айтады.
Алғашқы мәліметтерге сай зымыран соққысынан Кабул тұрғындары зардап шекпеген. Шабуылдан кейінгі тергеу әрекеттері көрсеткендей жанкешті отырған көлікте көп сандағы жарылғыш заттар болған.
Кабулда АҚШ күштері зымыран соққысын жасағаны туралы «Талибан» тарабы да мәлімдеген болатын.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес