Кеше, Пентагон ресми өкілі АҚШ-тың 14 тамыздан бері Ауғанстаннан 37 мың адамды эвакуациялағаны туралы мәлімдеген болатын. Пентагон мәлімдемесінен көп өтпей Ақ үй тарабынан жасалған ресми мәлімдемеде Ауғанстаннан эавкуацияланған адамдардың 48 мыңнан асқанын хабарлады.
Ақ үй мәлімдемесіне қарағанда 24 сағат ішінде Кабул халықаралық әуежайынан 10 мың 900 адамға дейін эвакуацияланған. Пентагон болса эвакуация істері бойынша белгілі деңгейде «Талибанмен» келісімдер жасалғанын да мойындады.
Осы аптада АҚШ пен оның НАТО-дағы одақтас елдері Ауғанстаннан азаматтарды эавкуациялауды жалғастырады. АҚШ президенті Жо Байден осыдан бір апта бұрын жасаған мәлімдемесінде Құрама Штаттар тарабынан шамемен 60 мың адамды эвакуациялайтынын айтқан.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес