Израильдің премьер-министрі Нефтали Беннетт ел жетекшісі ретінде Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапарын жасамақ. АҚШ президенті Жо Байден 26 тамыз күні Ақ үйде еврей әріптесін қалылдайды. Бұл кездесуде Орта Шығысқа қатысты бірқатар жаңа мәселелер алға қойылады деп күтілуде.
«Израиль Таймс» басылымының жазуынша, премьер-министрі Беннетт кездесу кезінде Иранға тосқауыл қоюдың жаңа жобасын ұсынады. Басылым келтірген сарапшылардың пікірінше, Беннетт ұсынатын жоба Құрама Штаттарды Иранмен арада үзіліп қалған ядролық келісімге қайта тартуды міндеттейді.
Еврей премьер-министрінің Уашингтон сапары қысқа құрамдағы делегациямен жасалады. Оның себебін қазіргі пандемия талаптарына қатысты деп түсіндірген. Беннетт сөзінде: «Иранның ядролық қаруға ие болуына көп уақыт қалған жоқ, сондықтан бұл реткі Уашингтон сапарының маңызы да жоғары», – деген.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес