Ертең, 24 тамыз күні «Үлкен жетілік» лидерлері онлайн кездесу өткізіп, әлемдегі бірқатар мәселелерді талқыға салады. Ауғанстан мәселесі кездесудің басты тақырыбы болмақ. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі ресми мәлімдеме таратты.
Үлкен жетіліктің кезекті онлайн саммиті АҚШ президенті Жо Байден тарабынан ұсыныс етілген. Оған Германия канцлері Ангела Меркель ханым, Франция президенті Эммануэль Макрон, Британия және Жапония бас уәзірлері Борис Жонсон мен Иошихиде Суға, Италия премьері Марио Драги және Еуроодақтың бірнеше жетекшілері қатысады.
Ақ үйдің мәлімдемесіне қарағанда онлайн саммит барысында Ауғанстанға бағытталатын гуманитарлық көмектің болашағы және ондағы азаматтарды эвакуациялау мәселелері де талқыға салынбақ.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес