Бүгін, 15 шілдеде, АҚШ және Орта Азия елдері сыртқы саяси ведомство басшыларының қатысқан С5+1 форматындағы кездесу Ташкентте өтті. Кезекті отырысқа қазақ, өзбек, тәжік және түркімен елдерінің СІМ жетекшілері, Қырғызстанның Өзбекстандағы елшісі және АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары қатысқан. Бұл туралы ҚР СІМ ресми сайты мәлімдеді.
Отырыстың басты тақырыбы Ауғанстан мәселесі болғаны айтпаса да түсінікті. Оған қосымша пандемиядан зардап шеккен экономиканы қалпына келтіру бойынша бірлескен күш-жігер тақырыптарын талқылаған.

Тәшкенттегі бас қосу.
Сыртқы істер министріміз Мұхтар Тілеуберді өз кезегінде С5+1 диалогын дамытудың, биоқауіпсіздік, сауда-инвестициялық ынтымақтастық және энергетика саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің, адам саудасына қарсы ортақ күресті жандандырудың, адам капиталын дамыту бойынша істестіктердің маңызды екенін атапты.
ҚР СІМ жетекшісі М.Тілеуберді шара аясында президент Жо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Элизабет Шервуд-Рэндалл бастап келген америкалық делегация құрамымен екіжақты кездесу өткізген.

М.Тілеуберді АҚШ делегациясы құрамында Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары Элизабет Шервуд-Рэндалл және АҚШ-тың Ауғанстан бойынща бұрынғы өкілі Халид Залмаймен кездесіп тұр.
Қазіргі Ауғанстандағы жағдайдың өзгерісі мен дамуынан алып қарағанда С5+1 форматындағы диалогтың аталған мәселені басты тақырып етуі заңдылық. Ауғанстаннан әскерін шығарып жатқан Құрама Штаттар аймақтағы әскери мүмкіндіктерін Орталық Азияда сақтап қалғысы келетіні белгілі. Бұл мақсатта Уашингтон Өзбекстанға көбірек үміт артып отырғаны да анық бола түсті.

ҚР СІМ жетекшісі М.Тілеуберді Тәшкентте.
Кездесу барысында тараптар қандай келісімдер мен уәделерге келіскені ҚР СІМ мәліметінде анық айтылмаған. Дегенмен, аталған диалог форматы Уашингтонның аймақтағы ықпалын арттыруға бағытталған негізгі жобасы болғандықтан, алдағы уақытта аймақ геостратегиялық дамуына орай бұл жобаның маңыздылығы арта түспек.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес