Израильдің Палестинаға бағыттаған агрессиясының жалғасып жатқанына қарамастан бірқатар араб мемлекеттері Изрильмен дипломатиялық байланыстарын дамытуды жалғастыруда. Еврей мемлекетінің СІМ басшысы Біріккен Араб Әмірлігіне алғаш рет сапарлай барды және сол елде алғаш рет Израиль елшілігі ашылды.
Израиль сыртқы істер министрі Яир Лапид Абу-Дабиге барған алғашқы еврей сыртқы істер министрі болып тарихта қалды. Ол бұл сапарында Изриальдің БАӘ-дегі елшілігінің ашылу салтанатына қатысты.
БАӘ мен Израиль былтыр ғана дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтіру туралы келісімге келген болатын. Оған АҚШ ара ағайындық жасаған.
Абу-Дабиде сөз сөйлеген алғашқы Израиль бас дипломаты Яир Лапид маңызды келісімге қол қойған елінің бұрынғы премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға алғысын айта келіп: «Келісімге лидерлер қол қояды, алайда оны халықтар жасайды. Бүгінгі шара бұл тарихи шешімнің соңы емес, керісінше басталуы», – деген.
БАӘ сыртқы істер министрі Абдуллах бин Зайед Яхияни еврей әріптесінің алғашқы сапарына сәттілік тілеп жылы қарсы алды.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес