Америкалық Novavax Inc компаниясы өндірген вакцина коронавирустың барлық штамдарына қарсы 90% тиімділік көрсеткен.
АҚШ пен Мексикада 30 000-ға жуық еріктілердің қатысуымен зерттеу жүргізілген. Сынақ нәтижесінде вакцина инфекцияның ауыр түрі бар еріктілер арасында 91% немесе одан да көп, ал Covid-19 орташа және ауыр жағдайлары бар еріктілер арасында 100% тиімділік көрсетті. Яғни сынаққа қатысқандардың ешбірінің коронавирус ауруы ушықпаған. Мамандар вакцина сонымен бірге коронавирустың жаңа штамдарымен тиімді күресетінін айтып отыр.
Novavax зерттеу және дамыту бөлімінің бастығы доктор Грегори Гленн АҚШ-та Novavax вакцинасын сынақтан өткізу кезінде Ұлыбританияда алғаш рет табылған және қазір альфа нұсқасы ретінде белгілі вирус таралғанын айтты. Енді компания алдағы үш ай ішінде вакцинаны АҚШ-та пайдалану туралы өтініш түсірмек.
ДДСҰ бұған дейін батыс компаниялары өндірген Pfizer-BioNTech, Johnson & Johnson, Moderna және AstraZeneca вакциналарын мақұлдаған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел