Еуропалық одақ AstraZeneca компаниясымен соттасып жатыр.
Еурокомиссия бірлестіктің үстінен вакцинаны уақтылы жеткізе алмайтынына байланысты сәуірде шағым түсірген. Бұған AstraZeneca басшылығының келісімшарт бойынша қарастырылған 300 миллион доза екпенің үштен бір бөлігін тек маусым айында жеткізетінін хабарлауы себеп болды.
Ресми Брюссель осы мезгілге қарай шарт бойынша қарастырылған препараттың 120 миллион дозасын жеткізуді талап етіп отыр. Еурокомиссия заңгерлері соттан егер компания бұл шартты орындамаса, әр кешіктірілген күн сайын дозасына 10 еуродан төлеуді сұрауда және келісімді сақтамағаны үшін 10 миллион еуро айыппұл төлеуі керек дейді.
Қазір Еуроодақ елдерінде жалпыұлттық вакцина науқаны жоспардағыдай орындалып жатқан жоқ. Себебі, AstraZeneca-дан бөлек коронавирусқа қарсы екпені жеткізу жұмыстарын BioNTech/Pfizer және Moderna компаниялары да кешіктіріп отыр. AstraZeneca биыл бірінші тоқсанда препараттың 100 миллион дозаның орнына 30 миллион дозасын жіберген. Компания мұны төмен өндіріс көлемімен түсіндіреді.
Бұған дейін Еуропа елдері аталған екпені сатып алудан бас тарқан. Себебі «препараттың қан айналымын нашарлатып, тромбылардың түзілуіне ықпал етеді» деген болжамдар айтылды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы