Үкімет мақұлдаған жағдайда 1 маусымнан бастап Израильде қатаң карантин күшін жояды. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі Юлий Эдельштейн мәлімдеді.
Тиісті заң күшіне енгеннен бастап адамдарға вакцина салдырғаны жайлы жасыл паспорттың қажеті болмайды. Жабық ғимарат пен көшелерде топтасып жиналуына шектеу жойылады. Бірақ қоғамдық орындарда бетперде тағу тәртібі кем дегенде екі аптаға сақталып, шетелге саяхаттауға тыйымдар әлі күшінде қала бермек.
Израиль – вакциналау кампаниясын жылдам жүргізген санаулы елдердің бірі, қазір мұнда вирус жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандар күрт азайған. Мұнда коронавирусқа қарсы шектеулер былтыр наурыз айында енгізіліп, бірнеше мәрте созылған. Бірақ халықты жаппай вакциналау нәтижесінде билік эпидемияға тосқауыл қоя алған. Қазірге дейін 5 миллионнан астам тұрғын екпе қабылдаған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел