Еуроодақ маусымның ортасына қарай вакцина төлқұжатын енгізбек. Онда туристің екпе салдырғанын немесе антиденелердің бар екендігін айғақтайтын ресми ақпарат болуы керек.
Жаппай вакцинациялау басталған Еуроодақ елдері «COVID-төлқұжат» енгізу мәселесін бірнеше ай бұрын талқыға алған. Вакцина қабылдады деген құжатты енгізуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қарсылық білдіргенмен, Еуроодақ елдері төлқұжат қажет дейді. Мәселен, Испания билігі бастаманы қолдайтынын жеткізді. Өйткені ел экономикасы туризмге тәуелді.
Былтыр Испанияның саяхат саласы соңғы жарты ғасырдағы ең ауыр жылға тап болды. Пиреней түбегіне келген шетелдік саяхатшылар саны 80 процентке азайған. Грекия билігі де осындай сертификат енгізу бастамасын қолдап отыр. Себебі Эллада елінде де туризмнің экономикадағы үлесі жоғары. Қолдаушылар қатарында Польша мен Дания да бар.
Ал Франция мен Румыния билігі керісінше, бұл идеяны құптамайтындарын айтқан. Аталған құжат вакцинациялау туралы анықтаманы алмастырады. Қолында тиісті құжаты бар адамның шетелге шығуы жеңілдеп, өзге елден оралғанда карантинде отырмайды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді