Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальныйды емдеген дәрігерлер одан аштықты дереу тоқтатуды сұрап, ұжымдық үндеу жарялады. Олардың мәлімдемесі "Медиазона" сайтында жарияланып, бүгін саясаткердің өзіне табысталады.
Сайтта жарияланған мәлімедемеге 5 дәрігер қол қойған. Олар саясаткердің денсаулығына диагностика жүргізген, адвокаттар арқылы медициналық қорытынды мен анализ нәтижелеріне қол жеткізген.
Олардың сөзінше, Навальныйға тәуелсіз дәрігерлер тобының өтінішіне сай диагностика жүргізілген.
"Біздің басты мақсатымыз – пациенттің өмірі мен денсаулығын сақтап қалу. Егер аштық тағы жалғасса, өкінішке қарай жақын арада одан айырылып қалуымыз мүмкін" делінген үндеуде.
Навальный өзіне тәуелсіз дәрігерлерді жіберуді талап етіп, 31 наурыздан бері аштық ұстап жатыр. Оның алдында саясаткер белінің ауыратынына, аяғының ұйитынына және түрмеде қажетті дәрежеде медициналық көмек көрсетпейтініне шағымданған.
Кремль сыншысы Алексей Навалный қаңтар айынан бері қамауда отыр. 2 ақпанда Мәскеудің Симонов соты Алексей Навальныйды 2013 жылы "Ив Роше ісі" бойынша шыққан шартты жаза ережелерін орындамады деген айып тағып, оған түрме жазасын кескен. Ал саясаткер өзіне тағылған айыптарды заңсыз деп есептейді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы