Украинада пандемияның үшінші толқыны басталып, вирус жұқтырғандардың саны тәулігіне 15 мың адамға дейін жетті. Қазір елдің 5 облысы коронавирустың таралуы бойынша қауіпті «қызыл» деңгейде тұр. Ал емханалардағы төсек орындарының 70%-дан астамы науқасқа толы.
Осыған байланысты карантин шаралары қатаңдатыла бастады. Апта басында қабылданған Украина үкіметінің қаулысы бойынша шет елдерден отанына оралған ел азаматтары да соңғы 48 сағатта жасалған арнайы тестті шекара қызметкерлеріне көрсетуі тиіс. Олай болмаған күзде саяхатшылар 14 күн бойы оқшаулануы міндеттеледі. Сонымен қатар, ел үкіметі Киев қаласындағы министрлік және басқа да атқарушы орган қызметкерлеріне 9 сәуірге дейін толығымен онлайн форматтағы жұмысқа көшуге шақырды.
Коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығуын Украинаның денсаулық сақтау министрлігі британдық штамның кесірімен байланыстырады. Денсаулық сақтау министрінің ресми мәліметінше, елде адам өліміне қатысты статистика жаңарған: бір тәулікте дерттен қайтыс болғандар саны алғаш рет 300 адамнан асты. Арғы аптада вирус жұқтырғандар 60 748 болса, өткен аптада бұл сан 86 708 адамға жеткен.
Украинада вирусқа қарсы вакцинация 24 ақпанда басталған. Коронавирустың жылдам өршуіне байланысты, тәулігіне 10 мың адам мемлекеттен тегін екпе алып жатыр. Бүгінге дейін 121 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы дозасын қабылдады. Ал 1 наурыздан бастап елде тегін вакцина алуға тіркелу басталды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді