Әлем тәж тәрізді вирус алып келген індеттің дағдарысынан шығып кетуге тырысып жатқанда, Оксфорд университеті шығарған AstraZeneca вакцинасынан бірқатар мемлекеттер бас тартқалы отыр. Себебі, аталған вакцинаны қабылдаған кейбір науқастардың қаны ұйып, тромб түзілгені байқалған.
AstraZeneca вакцинасының бұл эфектінен кейін алдымен Еуропаның Ирландия, Нидерланд, Дания, Норвегия және Исландия елдері уақытша қолдануды тоқтататынын мәлімдеді. Қазірге дейін Даниада осы вакцинамен емдеуден бір адам көз жұмған.
Еуропадағы дәрі-дәрмекті бақылаушы агенттік аталған вакцинадан тромб түзілетінін теріске шығарды. Соған қарамастан, еуропалықтар AstraZeneca-ті қолдану қауіпсіз деп санамай отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы да аталған вакцинамен тромб түзілуінің қатысы жоқ екенін айтуда. Еуропаның дәрі-дәрмекті тексеру агенттігі де қазіргі індет жағдайына байланысты вакцинаны қолдануды жалғастыруға шақыруда.
Бірақ, оның бәрі еуропалық елдердің AstraZeneca-ке қарсы шешімдерін өзгерте алмай жатыр. Ал, өзге аймақтағы елдер де бұл вакцинаны қолдануды уақытша тоқтатып тұр. 117 мың дозасын сатып алған Тайланд та сол қатар да. Бірақ, Аустарлия 300 мың данасын алған және емдеуді AstraZeneca вакцинасымен жалғастыратынын жеткізді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес