Балқан түбегінің шығыс бөлігіне АҚШ пен НАТО мыңдаған әскері мен әскери техникаларын жинап жатыр. Қазірдің өзінде Түркия шекарасына 150 шақырым жерде НАТО күштерінің 200 әскери техникасы жиналған. «Еуропа Қорғаушысы 2021» біріккен әскери жаттығуы тағы да Ресейге ескерту етінде өтпек.
«Еуропа Қорғаушысы» ауқымды әскери жаттығу НАТО одақтастарының Ресей қаупіне қарсы дәтүрлі түрде өткізетін ең ауқымды әскери жаттығуы. Бұл әскери жаттығу «Қырғи-қабақ соғыс» жыларынан бері өткізліп келеді. Пентагон мәлімдемесінде биыл Құрама Штаттар өзінің НАТО одақтастарымен ынтымақтастығында белсенді екенін көрсетпек. Грекияның шығысы Бұлғария мен Түркияға жақын аумақта басталатын жаттығуға Құрама Шттар Еуропадағы әскери күштерінің жүзге жуық әскери техникасын аттандырған.
Түркия мен Бұлғария және Грекия порттарынан пайдаланып НАТО күштері жаттығу аймағына әскерлері мен әскери технкаларын жеткізіп жатыр. Мамыр айында жаттығу ауқымы кеңейе түседі.
Грекиядағы жаттығудан кейін Албания, Босния-Герцоговина, Болгария, Эстония, Германия, Венгрия, Косово, Черногория, Солтүстік Македония, Польша, Румыния және Словения қатарлы Балқын тауымен шектескен және Балқан түбегіне жақын елдер арасындағы жаттығу тамыз айына дейін жалғаспақ.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес