Жабылып қалған «Tengri Bank» Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Ержан Шайкенов ұсталды.
Ержан Шайкенов басқарма төрағасы лауазымын 2019 жылғы маусымнан бастап 2020 жылғы мамырға дейін атқарған. Былтыр шілдеден бастап Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
Банк төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен Алматы филиалындағы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов 5,4 млрд теңгеден астам қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Олар қарашада қамауға алынды.
Биыл ақпанда сотқа дейінгі тергеу аясында «Tengri Bank» АҚ Әкімшілік-шаруашылық департаментінің бұрынғы директоры Алмас Бақытов пен оның бақылауындағы компаниялардың бірінің басшысы Тоғжан Рахметоваға іздеу жарияланғаны белгілі болды.
«Tengri Bank» 2020 жылдың 18 қыркүйегінде лицензиясынан айырылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Банктің пруденциялық нормативтерді және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзғанын, қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарды орындамағанын хабарлады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел