Қытайда коронавирусқа қарсы жалған вакцина сатып 3 млн доллар пайда тапқан алаяқтық топ ұсталды. Мұндай мәлімдемені Қытай прокуратурасы жариялады. Ресми мәлімдемеге қарағанда, алдамшылық қылмысына қатысты 21 іс қозғалып, 80 күдікті ұсталған.
Қытайдың Xinlang интернет басылымы жалған вакцина сатқан ұйымдасқан алаяқтық топтардың бірі коронавирусқа қарсы вакцина ретінде кәдімгі тұзды су мен минералды суды құйып сатқанын жазған. Тіпті, кейбір ірі емханалар да алдамшылардың «вакцинасын» пайдаланған.
Қытай прокуратурасы өз мәлімдемесінде коронавирус вакцинасы бойынша алдамшылық қылмыстарымен былтыр қыркүйек айынан бастап күрес жүргізген. Елдің Хоуби, Гуаңши қатарлы провинцияларынан қылмыстық топтың «вакцина шығаратын орталықтарын» тапқан. Өткен аптада ірі алдамшылық ісі бойынша одаған адам ұсталып, тергеу барысында тағы көптеген күдіктілердің іске қатысы анықталған.
Қытайдың ірі фармацевтік компаниялары қазірге дейін коронавирусқа қарсы SinoVac және SinoPharm атты екі вакцина дайындауда. Наурыз айында аталған қытайлық вакциналардың қолдануына қатысты шешім шығармақ. Қытайдың ресми мәліметіне қарағанда қазір ел ішінде 40 млн адам вакцина қабылдаған. Бірақ, Қытайдың халық санымен салыстырғанда бұл тым аз көрсеткіш саналады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес