Таулы Қарабақ соғысын тоқтату келісіміне Әзірбайжан халқы жеңіс қатарында қуанды, Армения тарабында наразылықтан мыңдаған адам үкімет үйін талқандады. Қарабақ шағын болғанымен, оған мүдделес өңірлік державалардың мүддесі батпандай. Сондықтан бұл келісімде тек Баку мен Ереван мүддесі ғана қарастырылмағаны анық.
Сондай ойды айтқан Таулы Қарабақ бойынша Батыстың белгілі эксперті Том Де Баал болды, ол Қарабақ келісімінде Әзірбайжан мен Арменияның мүддесі емес, Ресей мен Түркия мүддесі қанағаттандырылды деген The New York Times басылымына берген пікірінде. Ол былай таратады: Былай қарағанда Әзірбайжан ұтты, Армения ұтылды, Түркияда Каспийге шығатын дәліз алып, өз мүддесін қанағаттандырды. Көбірек ұтқан Ресей болды, ол өзінің ықпалды бола алмай тұрған Таулы Қарабақ өңіріне әскерлерін орналастыруға мүмкіндік алды.
Расында Ресей бұрынғы Кеңес одағынан шыққан өңірлердегі дау-дамайлардың көбінде өзінің бақылауына алып келді, тек осы Таулы Қарабақта ғана әскери араласуға мүмкіндігі болмай келіп еді. Енді 20 ұшағымен барып түскен екі мыңға жуық әскері, жүздеген әскери техникасыме Оңтүстік Кавказда өз ықпалын тіпті де кеңейте алды.
Таулы Қарабақ соғысы 44 күнге созылды. Атыс басталған уақыттарда сарапшылар екі елдің әскери қуатын шамалас деп бағалап жатты, бірақ, қақтығыс барысында Әзірбайжан армиясы басымдық танытты. Шуша қаласы Әзірбайжандардың қолына өткеннен кейін соғыс нәтижесі де белгілі болды. Бұл шаһарды армян журналистері «Қарабақты жүрегі» немесе «Қарабақтың кілті» деп жазып жүрген, ол қолдан кеткеннен кейін Армения келісімге келмеуге амалсыз қалды.
Де Баалдың айтуынша, Таулы Қарабақ жанжалы біржолата шешім таппады, ондағы әзірбайжандар мен армяндардың жанжалсыз қатар жасауы қиын, болмашы мәселеден қақтығыс қайта туындауы мүмкін. Ал, Мәскеу мен Анкара бұған бас қатырып жатқан жоқ деп қарайды.