Өткен жылы Қытайдың Хубэйінен басталып бар әлемге жайылған COVID-19 вирусы бүгінде жер-әлемнің 46 милион адамына жұғып оның милионы қайтыс болды. Қазір вирус Еуропаның көптеген елдерінде қайта өршіп, карантин шараларын қатайтуға мәжбұрлеуде. Осы ретте Солтүстік Кореяның ең жоғарғы басшысыда қатаң сақтану шарасын іске асырып жатыр.

Бүгінде қайта өршіген вирусқа қарсы енгізілген қатаң карантиндік шараларға Испания, Италия, Чехия, Германияда қарсылық акциялар өтіп жатыр.

Батыс ел билігі карантин халық наразылығына қарамай шектеулерді қатаңдатып жатқанда шығыстағы жабық мемлекет Солтүстік кореяның ең жоғарғы билеушісі Ким Чен Ын да сақтық шараларын қатайтқан.

Оңтүстік Кореяның барлау қызметінің жеткізуінше Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның өз елінде коронавирустың жоқтығын айтып сақтық шараларын қатаң қолданып жатқанын мәлімдеген. Шекараға кина көміп шекарадан адам өткізбеудің жолын қарастырып жатқанын айтылды.

Олардың қаупінше коронавирусты тасымалдаушылар Қытаймен шекарадан өтуі мүмкін екен. Сондықтанда Шекараға мина көміп шекара күзетін қатаңдату көрші елдерден келетін қауіптің алдын алмақ. Дегенмен христандық қайырымдылық ұйымның өкілдері онда құпия карантиндік лагерлердің бар екенін және көптеген вирус жұқтарған адамдардың өз үйлерінде жасырынып емделіп жатқанын алға тартып отыр.

“The Qazaq Times”