Ауғанстан Мәжілісінің депутаты Абдолсаттар Дарзаби "Өзбекстан ислам қозғалысы" деп аталатын лаңкестік топтың осы елдің солтүстігінде белсенділік танытуына алаңдаушылық білдіріп, оның Джаузджан уалаятында 80 әскери база құрғанын мәлімдеді. Бұл туралы "Фарс" баспасөзі жазды.
«Өзбекстан ислам қозғалысының" жетекшісі Тахер Юлдаштың ұлы Ауғанстанның солтүстігінде күш жинап жатыр» деп мәлімдеді. «Өзбекстан ислам қозғалысы» "әл-Каидаға" қарасты лаңкестік топтың қатарына жатады. Бұл топ Пәкістанның Солтүстік Вазирестанында орналасқан болатын, бірақ ДАИШ лаңкестік тобы өзін жариялаған соң осы топтың билігін қабылдады. Қазіргі кезде осы лаңкестік топтың мүшелері Сүрия мен Иракта соғысып жатыр. «Өзбекстан ислам қозғалысының» Ауғанстанның солтүстігінде белсенділігінің артуы Орталық Азия елдері мен Ресейдің алаңдаушылығына себеп болып отыр.
“The Qazaq Times”