Сейсенбіде, Британ СІМ басшысы Рааб Ұлыбритания 2022 жылы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Ал, кеше Британ Парламентінің депутаты билікті Бейжің саясатына байланысты мәлімдеме жасауға шақырды. Онда Қытайдың 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына байкот жариялау ұсынысы да бар.
Ұлыбритания консервативті партиясының мүшесі Сэр Иайн Дункан Смит (Sir Iain Duncan Smith) Бейжіңнің Шыңжаң, Тибет және Гонконг саясатына байланысты Ұлыбритания үкіметін Қытайға қарсы қатаң ұстаным ұстануға шақырды. Ол Қытай коммунистік партиясының өкілдеріне санкция салуды ұсынумен қатар, 2022 жылғы Қысқы Олимпияда ойындарына қатысты ұстанымын ашық білдіруге шақырған.
Ал сыртқы істер министрі Рааб Қытайда адам құқықтарының бұзылуына байланысты, ҚКП шенеуніктеріне экономикалық санкциялар қарастырып жатқанын айтты.
Сонмен қатар, АҚШ сенаторы Скотт да халықаралық Олимпиада Комитетін Қысқы Олимпиада ойындарының Қытайда өтуіне жол бермеуге шақырған. Бұндай ұсынысты адам құқығын қорғайтын 140 тан астам ұйым ОК президенттіне бірлескен хат арқылы жолдаған.
Қытайдың Шыңжаңдағы аз ұлттарға көрсеткен қысымы халықаралық қоғамдастықтың назарын аударып. Сейсенбіде 39 ел БҰҰ Бас Ассамблеясында Бейжіңді адам құқығын бұзғаны үшін бірлесе сынға алып, тәуелсіз тергеуге шақырды.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр