Tesla компаниясы салынып жатқан Gigafactory зауытының суреттерімен бөлісті. Күні кеше құрылысы басталған зауыт бүгінде жоспардың біраз бөлігін орындап үлгерген. 456 мың шаршы мерт аймақты қамтитын бұл зауытта 6 мың адам қызмет ететін болады.
Зауыт өндіріске қажетті электр энергиясын өзі өндіретін арнайы күн батареяларымен жабдықталған. Қосымша панельдер зауыттың шатырының барлық бөлігіне орналастырылды. Күн шатырының қуаты 70 МВт.

Фото: hi-news.ru
Сонымен қоса, зауыт суды да өзі тазартып, қажетті су қорымен толықтай қамтамасыз етіп отырмақ. Бұл үшін зауытты арнайы тұйық аймаққа салған, сол арқылы суды 6 деңгейлі тазарту арқылы ала отырып, 80 пайызға дейін тұщы суды үнемдеуге мүмкіндік туып отыр. Болашақта электр энергиясын үнемдеу мақсатында климатты реттеп отыратын арнайы құрылғыны да орналастыру жоспарда бар.
Компания өкілдері зауытты 2020 жылы толықтай іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жерде Tesla электромобильдеріне арналған батареялар мен Powerwall аккумуляторлары жасалатын болады.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер