Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясы 4 қазан күні өткен Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау нәтижесін жарамсыз деп таныды. Бұл туралы 24.kg ақпарат құралы комиссия мүшесі Гүлнар Жорабаеваға (Гулнар Журабаева) сілтеп жариялады.
Оның айтуынша, өзін-өзі тарату мәселесі де талқыланған.
«Менің ойымша, осы сайлау науқанында біз өзіміздің беделімізді түсірдік, сондықтан бұл жағдайда ең жақсы және дұрыс шешім мерзімінен бұрын отставкаға кету туралы шешім болады», – дейді Гүлнара Журабаева.
Комиссия Жогорку Кенеш құрамын онда ұсынылған фракциялардың квоталарына сәйкес түзеді.
Бүгін, 6 қазан сағат 11:00-де (Алматы және Бішкек уақытымен) президент Сооронбай Жээнбеков Орталық сайлау комиссиясына «заң бұзушылықтарды мұқият тексеріп, қажет болған жағдайда сайлау нәтижесін жоюды» ұсынған еді.
«Үшінші төңкерісті» өткеріп жатқан Қырғызстанда парламент сайлауын «әділ әрі ашық өткізе алмады» делінетін билік тарапы мен ОСК қорытындысына наразылар екі күннен бері бас көтеріп, қарсылық білдіруде.
ОСК-нің 4 қазан күні өткен парламент сайлауы туралы болжалды есебіне сәйкес, жеті пайыздан жоғары дауы жинаған төрт партия парламент босағасынан өткен. Олар: «Биримдик» партиясы – 24,5%, «Мекеним Кыргызстан» – 23,9%, «Кыргызстан» – 8,7%, «Бүтүн Кыргызстан» – 7,09% дауыс жиған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы