Бүгіннің ең басты тақырыбы – АҚШ президенті Трамп пен әйелі Мелания екеунің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат. Бұл әлемдік деңгейде қызу талқыға айналды. Онда тез сауығуын тілеп жатқандармен қатар, Ақ үй басшысының пандемияға бейжай қарауына байланысты пікірлер де айтылды.
74 жастағы АҚШ пезиденті Трамп пен бірінші ханым Меланияның COVID-19 ПТР тестін тапсырып, нәтижесінде коронавирус жұқтырғаны анықтылды. Бұл туралы Ақ үй басшысы өзінің Twitter желісінде хабарлаған.
Еуропалық Кеңес төрағасы Мишель өзінің твиттерінде: «COVID-19 бұл бәрімізге ортақ жау, қарсы күресті жалғастырамыз», – дей келіп, ерлі-зайыпты Трамптарға тезірек сауығып кетуге тілектестігін білдірді.
Франция үкіметінің өкілі вирус ешкімді аямайтынын айтып, «Оның (Трамп) тез сауығып кетуін тілеймін», – деді Габриэль Атталь.
Келесі айда АҚШ-та президенттік сайлау өтеді, алайда басты үміткер Трамп коронавирус жұқтырып алды. Алдағы саяси жағдайдың қалай болары саясаткерлер мен үкімет басшыларын қызықтырады.
Соңғы жаңалықтар АҚШ-тағы пандемия жағдайының ауырлай түскенін көрсетеді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Трамп пен Ақ үйдің имиджіне теріс жағынан ықпал етіп қана қоймай, президенттік сайлауда қайта сайлануына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Бірнеше күн бұрын теледебат кезінде Байден Трамптың елдегі дағдарыспен күресін сынға алған.


















ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?